Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Бұйрық · № 492 · қабылданған 30.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209772/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 492 ·30.04.2025
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 492 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
492
Қабылданған күні
30.04.2025
Көрсетілген редакция
30.04.2025 209772_755971.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036064
ЭКБ идентификаторы
209772
Редакция идентификаторы
209772_755971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:42

0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір

бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16189 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерін, бас басқармаларын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің орталықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін қоспағанда, бағынысында әскери қызметші болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.».

2

2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31256 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
57-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерін, бас басқармаларын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің орталықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін қоспағанда, бағынысында әскери қызметші болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.».

3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы