Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 4 · қабылданған 05.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209809/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Өзге акт ·№ 4 ·05.05.2025
05.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт ·№ 4 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
05.05.2025
Көрсетілген редакция
05.05.2025 209809_756578.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NGB0004B
ЭКБ идентификаторы
209809
Редакция идентификаторы
209809_756578
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:38

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және Әулиекөл аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 8 отырысының хаттамасынан үзінді көшірме негізінде Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1

1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Диев ауылдық округі, Диев ауылы Абай көшесі, Мира көшесі аумағында орналасқан 10 жыл мерзімге «Қостанай облысы 2024 жылы B2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон кәрізін төсеу және пайдалану үшін одан әрі мемлекеттік тіркеуші органда тіркеу үшін ауданы 0,1753 га, ұзындығы 878,74 метр, ені 2 метр жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Диев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Диев ауылдық округінің әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы