Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 111-П
- Қабылданған күні
- 29.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2025 209825_755939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NP000111
- ЭКБ идентификаторы
- 209825
- Редакция идентификаторы
- 209825_755939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:46
0 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы су көлік құралдарының заттай нормалары;
3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі _______________
1 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 111-Ө бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Арнайы автокөлік құралының атауы
Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты
Арнайы автокөлік құралын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер
Арнайы автокөлік құралдарының шекті саны
Айына 1 автомобильдің жүру лимиті (километр)
1
2
3
4
5
Арнайы автокөлік құралы
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті
3
2600
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар, оның ішінде:
77
2600
Астана қаласы бойынша Экология департаменті
3
2600
Алматы қаласы бойынша Экология департаменті
3
2600
Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті
3
2600
Алматы облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Атырау облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Павлодар облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Түркістан облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Қостанай облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Ақмола облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Абай облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Ұлытау облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Жетісу облысы бойынша Экология департаменті
4
2600
Ескертпе:
арнайы автокөлік құралы – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы;
мемлекеттік мекеме басшысының шешімі бойынша жедел ден қоюды талап ететін халықтың өмірі үшін қауіпті жағдай туындаған кезде, оны тіркеу және болдырмау үшін, төтенше жағдайларда (су тасқыны, орман өрттері, техногендік және экологиялық апаттар және т. б.), сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер кезінде айына 1 автомобильдің жүру лимиті 4000 километрге дейін ұлғайтылуы мүмкін;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс.
2 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы су көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 111-Ө бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
арнайы су көлік құралдарының
заттай нормалары
Арнайы су көлік құралының атауы
Арнайы су көлік құралының функционалдық мақсаты
Арнайы су көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер
Арнайы су көлік құралдарының саны
Теңiз
Өзен
Шағын көлемді
1
2
3
4
5
6
Арнайы автокөлік құралы
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар, оның ішінде:
1
1
Атырау облысы бойынша Экология департаменті
1
1
Ескертпе: арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарында және өзге де су қоймаларында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.
3 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 111-Ө бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік
мекемелердің арнайы көлік құралдарының
заттай нормалары
Арнайы автокөлік құралының атауы
Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты
Арнайы автокөлік құралдарын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер
Арнайы автокөлік құралдарының саны
Айына 1 автомобильдің жүру лимиті (километр)
1
2
3
4
5
Жедел
Жануарлар дүниесін, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ерекше экологиялық ғылыми, тарихи-мәдени және рекрециялық құндылықты білдіретін мемлекеттік табиғи-қорық объектілерін қорғау, молайту және пайдалану саласында бақылауды жүзеге асыру үшін
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
4
2600
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары, оның ішінде:
123
2600
Ақмола облысы
12
2600
Ақтөбе облысы
6
2600
Алматы облысы
13
2600
Атырау облысы
4
2600
Шығыс Қазақстан облысы
8
2600
Жамбыл облысы
6
2600
Батыс Қазақстан облысы
6
2600
Қызылорда облысы
5
2600
Қарағанды облысы
9
2600
Қостанай облысы
9
2600
Маңғыстау облысы
5
2600
Павлодар облысы
6
2600
Солтүстік Қазақстан облысы
10
2600
Түркістан облысы
6
2600
Абай облысы
6
2600
Ұлытау облысы
6
2600
Жетісу облысы
6
2600
Ескертпе:
арнайы көлік құралы – жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылауды, браконьерлікпен күресті жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы;
мемлекеттік мекеме басшысының шешімі бойынша жедел ден қоюды талап ететін халықтың өмірі үшін қауіпті жағдай туындаған кезде, оны тіркеу және болдырмау үшін, төтенше жағдайларда (су тасқыны, орман өрттері, техногендік және экологиялық апаттар және т. б.), сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер мен браконьерлікпен күрес кезінде айына 1 автомобильдің жүру лимиті 4500 километрге дейін ұлғайтылуы мүмкін;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 4500 текше сантиметрден аспауы тиіс.