Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Кентау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Кентау
- Атауы (қаз.)
- Кентау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 30.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2025 209856_755949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25UC067001
- ЭКБ идентификаторы
- 209856
- Редакция идентификаторы
- 209856_755949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:42
0 Кентау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2 Кентау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Кентау қалалық мәслихатының
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 185 шешіміне 1-қосымша
Кентау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1 1. Қарыз сомасының 10 %, бірақ әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2 2. Қарыз сомасының 10 %, бірақ әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
5 Кентау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Кентау қаласы мәслихатының
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 185 шешіміне 2- қосымша
Кентау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Санаттары
1
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын санаттары;
2
«Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар, мемлекеттік қызметшілер.