Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и сроков предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики

Бұйрық · № 133 · қабылданған 28.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209860/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и сроков предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики Қолданыста Бұйрық ·№ 133 ·28.04.2025
28.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и сроков предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики

Қолданыста Бұйрық ·№ 133 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и сроков предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
133
Қабылданған күні
28.04.2025
Көрсетілген редакция
28.04.2025 209860_767626.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NT000133
ЭКБ идентификаторы
209860
Редакция идентификаторы
209860_767626
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:50

0 Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы

уәкілетті органға беру мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 55-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрінің
2025 жылғы ____ сәуірдегі
№ бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 55-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдерін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар функцияларының сыныпталған тізбесі;

3

3) парафискалдық төлемдер – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортаға беру нәтижесінде қызметтер көрсететін және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін жекелеген заңды тұлғалардың пайдасына жеке және заңды тұлғалар төлейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін міндетті нысаналы төлемдер;

4

4) парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – уәкілетті орган орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастыратын функциялар тізбесі;

5 5) салық саясаты саласындағы уәкілетті орган – салық саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері

3

3. Уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі негізінде жасалған, есепті кезеңде парафискалдық төлемдерге алып келетін, бәсекелес ортаға берілген функциялардың тізбесін беру туралы сұрау салуды жыл сайын 20 (жиырмасыншы) қаңтарға дейін жібереді.

4

4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі бойынша ақпаратты сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

5 5. Уәкілетті орган ұсынылған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша оның толық емес екендігін анықтаған жағдайда ұсынылған ақпаратты пысықтау қажеттігі туралы ұсынымдарды орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органға 15 ақпанға дейін жібереді.

6 6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган ұсынымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпаратты пысықтап, оны уәкілетті органға қайта жібереді.

7

7. Уәкілетті орган алынған ақпарат негізінде жыл сайын 10 (оныншы) наурыздан кешіктірмей тізілімді қалыптастырады және оны парафискалдық төлемдердің тізілімін жүргізетін және олардың сақталуы, таратылуы немесе бюджетке берілуі тұрғысынан оларды талдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментіне жібереді.

8 8. Парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциялары болмаған кезде тізілім қалыптастырылмайды.

1 Парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі

Мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимыл жасау қағидаларына және
парафискалдық төлемдерге алып
келетін, орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы органдардың
бәсекелес ортаға берілген
функцияларының тізілімін салық
саясаты саласындағы уәкілетті
органға беру мерзімдеріне
қосымша
Нысан
Парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның бә­се­ке­лес ор­та­ға бе­рі­л­ген функ­ци­я­сы­ның ата­уы
Па­ра­фис­кал­дық тө­лем­дер­ге алып ке­ле­тін, ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын бә­се­ке­лес ор­та­ға бе­ру нәти­же­сін­де қыз­мет көр­се­те­тін заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Па­ра­фис­кал­дық тө­лем­дер­ге алып ке­ле­тін, ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның функ­ци­я­сын бә­се­ке­лес ор­та­ға бе­ру нәти­же­сін­де қыз­мет көр­се­те­тін заң­ды тұ­лға­лар­ға тө­лен­ген шы­ғы­стар­дың со­ма­сы
(мың тең­ге)
Бар­лы­ғы
Па­ра­фис­кал дық тө­лем­дер­ге алып ке­ле­ті­ні (иә/жоқ)

Қолданыстағы