Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления Государственным фондом социального страхования деятельности, связанной с финансовыми инструментами

Қаулы · № 878 · қабылданған 19.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20987/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления Государственным фондом социального страхования деятельности, связанной с финансовыми инструментами Күшін жойған Қаулы ·№ 878 ·19.08.2004
21.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления Государственным фондом социального страхования деятельности, связанной с финансовыми инструментами

Күшін жойған Қаулы ·№ 878 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления Государственным фондом социального страхования деятельности, связанной с финансовыми инструментами
Атауы (қаз.)
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
878
Қабылданған күні
19.08.2004
Көрсетілген редакция
21.08.2020 20987_478063.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000878_
ЭКБ идентификаторы
20987
Редакция идентификаторы
20987_478063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:46

0 Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiн бекiту туралы

"Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

0 Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы epeжeci

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 20 тамыздағы
N 878 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы epeжeci
Осы Ереже "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының (бұдан әрi - Қор) қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруының тәртiбiн белгiлейдi.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1 1) ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шарт – Қор мен сенімгерлік басқарушының арасындағы қатынастарды белгілейтін және Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқарудың талаптары мен тәртібін айқындайтын шарт;

2 2) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, шарттары мен шектеулерін, хеджирлеу талаптарын айқындайтын құжат;

3 3) инвестициялық кіріс – Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша;

4 4) қаржы құралдары – бағалы қағаздар және қаржы нарығының Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберілген өзге де активтерi.

5 5) сенiмгерлік басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;

6 6) сенiмгерлiк басқару – сенiмгерлік басқарушының, өз атынан өзiнiң иелiгiне, пайдалануға және басқаруға берiлген Қор активтерiн және олардың есебiнен сатып алынған қаржы құралдарын Қордың мүддесiнде басқару жөнiндегi қызметi (бұдан әрi – Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару).

2 2. Қор қаржы құралдарымен байланысты инвестициялық қызметтi Қордың активтерiн сенiмгер басқарушы арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.

3 3. Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Қор активтерiн инвестициялау тәртiбi

4

4. Сенімгер басқарушы инвестициялық қызметті Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларацияның, ақшаны және бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырады және Қордың активтерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес қаржы құралдарына орналастырады.

5

5. Сенiмгер басқарушы ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi операцияларды жасау үшiн Қорға банктiк шот пен инвестициялық кiрiстiң, сенiмгерлiкпен басқаруға берілген активтердiң есебiнен сатып алынған, орналастырылған депозиттер мен бағалы қағаздардың есебi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде теңгерiмнен тыс шоттарды ашады.

6 6. Есеп жүйесiн жүргiзудiң және оны өзектi ұстап тұрудың шарттары мен тәртiбiн сенiмгер басқарушы белгілейдi.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

7 7. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиiс.

Қолданыстағы