Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
Қолданыста
Қаулы
·№ А-2/92
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-2/92
- Қабылданған күні
- 23.04.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2025 209992_757114.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25BR00292A
- ЭКБ идентификаторы
- 209992
- Редакция идентификаторы
- 209992_757114
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:54
0 Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес «Abay Gold» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2023 жылғы 4 қазандағы № ЗТ-2023-01963459 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Abay Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылғы 4 сәуірге дейінгі мерзімге жалпы ауданы 1067,3679 гектар жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2 2. «Abay Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1 1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;
2 2) «Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шарты жасалсын;
3 3) Жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру.
3 3. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1 1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2 2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелерінің жария сервитуты қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін
Қосымша Шортанды ауданының
әкімінің қаулысына
« » 2023 жыл
№
Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелерінің жария сервитуты қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін
№
Жер пайдаланушының/меншік иесінің атауы
Жария сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесінің ауданы
1
«Раевка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
943,1520 га
2
Егемен ауылы
124,2159 га
Жалпы
1067,3679 га