Об установлении за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8C-49/3
- Қабылданған күні
- 12.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2025 210031_757246.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25BL893103
- ЭКБ идентификаторы
- 210031
- Редакция идентификаторы
- 210031_757246
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:27
0 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жарқайың ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында Жарқайың ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жарқайың ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне және барлық санаттағы жүргізушілеріне лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.