Об установлении льготы по оплате проезда отдельным категориям граждан Аршалынского района на общественном транспорте (кроме такси) в Аршалынском районе
Қолданыста
Қаулы
·№ А-05/89
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении льготы по оплате проезда отдельным категориям граждан Аршалынского района на общественном транспорте (кроме такси) в Аршалынском районе
- Атауы (қаз.)
- Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-05/89
- Қабылданған күні
- 06.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2025 210042_757260.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25BD893803
- ЭКБ идентификаторы
- 210042
- Редакция идентификаторы
- 210042_757260
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:36
0 Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:
жасына байланысты зейнеткерлерге;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар балаларға;
мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне (заңды өкіліне);
өз құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне);
көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.