Құжат мәтініне өту

Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований и в воспроизводственных целях

Қаулы · № 318 · қабылданған 08.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210051/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований и в воспроизводственных целях Қолданыста Қаулы ·№ 318 ·08.05.2025
08.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований и в воспроизводственных целях

Қолданыста Қаулы ·№ 318 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований и в воспроизводственных целях
Атауы (қаз.)
Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
318
Қабылданған күні
08.05.2025
Қолданысқа енгізілген күні
08.05.2025
Көрсетілген редакция
08.05.2025 210051_758208.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000318
ЭКБ идентификаторы
210051
Редакция идентификаторы
210051_758208
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:30

0 Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналарды:

1 1) 2025 жылғы 8 мамыр – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнев, Итбалық, Кендірлі және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ғылыми мақсатта ен салып, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 156 дарақ Каспий итбалығын;

2

2) 2025 жылғы 8 мамыр – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Алматы облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастырып, кейіннен өсімін қолдан молайту үшін ғылыми мақсаттарда 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;

3 3) 2025 жылғы 8 мамыр – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Қызылорда облысының шегінде Сырдария өзенінен кейіннен өсімін қолдан молайту мақсатында балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастыру үшін ғылыми мақсатта 300 килограмм көлемінде арал қаязын;

4 4) 2025 жылғы 8 мамыр – 30 қараша аралығындағы кезеңде Павлодар және Абай облыстарының шегінде Ертіс өзенінен кейіннен өсімін қолдан молайту мақсатында балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастыру үшін ғылыми мақсатта 300 килограмм көлемінде сыланды;

5 5) 2025 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау облысының шегінде Каспий теңізінің Қазақстан секторының акваториясынан арнайы жағдай жасап өсімін молайту мақсатында өсіру үшін 26 килограмм көлемінде каспий албыртын алуға рұқсат етілсін.

2 2. Арал пілмайының бір килограмын алу үшін төлем мөлшерлемелері 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, арал қаязының бір килограмына 0,013 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және сылан мен Каспий албыртының бір килограмына 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында Каспий итбалығының дарақтарын, арал пілмайын, арал қаязын, сылан мен Каспий албыртын көрсетілген көлемде алуға рұқсат берсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы