Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Мақаншы

Өзге акт · № 20-133/VIII · қабылданған 06.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210087/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Мақаншы Қолданыста Өзге акт ·№ 20-133/VIII ·06.05.2025
06.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Мақаншы

Қолданыста Өзге акт ·№ 20-133/VIII · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Мақаншы
Атауы (қаз.)
Мақаншы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20-133/VIII
Қабылданған күні
06.05.2025
Көрсетілген редакция
06.05.2025 210087_756696.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25FK045118
ЭКБ идентификаторы
210087
Редакция идентификаторы
210087_756696
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:37

0 Мақаншы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мақаншы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Мақаншы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

Мақаншы ауданы мәслихатының
2025 жылғы 6 мамырдағы
№ 20-133/VIII шешіміне
1-қосымша
Мақаншы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

1 1. Мақаншы ауданы бойынша әлеуметтік көмек түрі ретінде қарыз сомасынан 10%, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

2 2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде қарыз сомасының 10%, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

6 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Мақаншы ауданы мәслихатының
2025 жылғы 6 мамырдағы
№ 20-133/VIII шешіміне
2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Атауы
1
Ұлы Отан соғысының ардагерлері
2
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
3
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
4
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
5
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
6
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
7
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер
8
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады
9
Қандастар
10
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар
11
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
12
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
13
Толық емес отбасылар
14
Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар.

Қолданыстағы