Об установлении публичного сервитута АО «Казахтелеком»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута АО «Казахтелеком»
- Атауы (қаз.)
- «Казахтелеком» АҚ қоғамдық сервитутын орнату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 08.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2025 210097_757966.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NEI0005B
- ЭКБ идентификаторы
- 210097
- Редакция идентификаторы
- 210097_757966
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:30
0 «Казахтелеком» АҚ қоғамдық сервитутын орнату туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Казахтелеком» акционерлік қоғамына Қостанай облысының Алтынсарин ауданы, Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы, Октябрьская және М.Хакимжанова көшелері шекарасында орналасқан, «2024 жылы В2G сегменті үшін талшықты оптикалық байланыс желісін салу, Қостанай облысы» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон канализациясын төсеу және пайдалану үшін, жалпы ауданы 0,1243 гектар, оның ішінде жалпы ұзындығы L – 623,59 м, ені В-2м, 10 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығындағы (қоғамдық сервитут) жер учаскесіне белгіленсін.
2 2. «Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамту:
1
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне электрондық түрде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдау;