Об установлении государственному учреждению «Отдел реального сектора экономики Баянаульского района» публичный сервитут без права изъятия земельных участков у землепользователей, расположенных на территории поселка Майкаин Баянаульского района.
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении государственному учреждению «Отдел реального сектора экономики Баянаульского района» публичный сервитут без права изъятия земельных участков у землепользователей, расположенных на территории поселка Майкаин Баянаульского района.
- Атауы (қаз.)
- «Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Баянауыл ауданы Майқайың кентінің аумағында орналасқан жер пайдаланушылардын жер учаскелерін алып қою құқығысыз сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-22/07
- Қабылданған күні
- 02.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2025 210106_756811.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25PEA1220B
- ЭКБ идентификаторы
- 210106
- Редакция идентификаторы
- 210106_756811
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:40
0 «Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Баянауыл ауданы Майқайың кентінің аумағында орналасқан жер пайдаланушылардын жер учаскелерін алып қою құқығысыз сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 8 сәуірдегі «Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген өтінішінің негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1 1. «Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Баянауыл ауданы Майқайың кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (ИҚИ) жүргізу мақсатында Майқайың кентінің аумағында орналасқан жер пайдаланушылардын жер учаскелерін алып қою құқығысыз сервитут белгіленсін.
2 2. «Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 1) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға залалдарын толық көлемде өтеу, залалдардың мөлшерi мен оларды өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келiсiмiмен анықтау келісім бойынша жүргізілсін;
2 2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИҚИ) салу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын;
3 3) жұмыс аяқталғаннан кейiн бүлiнген жер учаскелерiн одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiрсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Баянауыл ауданы
Майқайың кент әкімінің
2025 жылғы «02» мамыр
№ 1-22/07 шешіміне
қосымша
Р/с
№
Пайдаланушы
Ауданы, гектар
Нысаналы
мақсаты
Пайдалану
мерзімі
(жыл)
Жер телімінің орналасқан
жері
1
«Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
8,0
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) енгізу үшін.
5 жыл
Баянауыл ауданы Майқайың кент аумағында