Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка по области Ұлытау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка по области Ұлытау
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41/01
- Қабылданған күні
- 15.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2025 210221_757062.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25H0019720
- ЭКБ идентификаторы
- 210221
- Редакция идентификаторы
- 210221_757062
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:23
0 Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 мамырдағы
№ 41/01
қаулысына қосымша
Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Көтермелеудің түрлері
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мыналар:
1 1) алғыс жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 3) ақшалай сыйлықақы беру.
2 2. Көтермелеудің тәртібі
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері Ұлытау облысының Полиция департаментінің ұсынысы бойынша Ұлытау облысының әкімдігі құратын комиссиясымен қаралады (бұдан әрі – Комиссия).
3 3. Комиссия 10 адамнан тұрады. Комиссия құрамына Ұлытау облыстық мәслихатының, Ұлытау облысы әкімдігінің және Ұлытау облысының полиция департаментінің өкілдері кіреді.
Комиссияның төрағасы – құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары.
4 4. Ұлытау облысының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша материалдардын жинақтап, тоқсанына бір рет Комиссияның қарауына енгізеді.
5 5. Комиссия ұсыныc түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оны қарайды.
6 6. Комиссия отырысы оның жалпы мүшелерінің санынан кемінде үштен екісінің қатысқан жағдайда құқықты деп танылады.
7 7. Көтермелеу үшін негіз Комиссия қабылдаған шешімі болып табылады.
Шешім көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
8 8. Комиссияның шешімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлытау облысының Полиция департаментіне жолданады.
9 9. Көтермелеуге жататын адамның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлесін ескере отырып, көтермелеу түрі, соның ішінде ақшалай сыйақысының мөлшері Комиссиямен анықталады.
Комиссия Ұлытау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тіркелмеген азаматтарды да, егер олар қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға ықпал етсе, көтермелеуге құқылы.