Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка по области Ұлытау

Қаулы · № 41/01 · қабылданған 15.05.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210221/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка по области Ұлытау Күшін жойған 04.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка по области Ұлытау

Күшін жойған Қаулы № 41/01 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка по области Ұлытау
Атауы (қаз.)
Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41/01
Қабылданған күні
15.05.2025
Көрсетілген редакция
04.08.2026 210221_837998.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25H0019720
ЭКБ идентификаторы
210221
Редакция идентификаторы
210221_837998
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Ұлытау облысының
әкімдігінің 04.08.2026 № 69/03 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 мамырдағы
№ 41/01
қаулысына қосымша
Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мыналар:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйлықақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері Ұлытау облысының Полиция департаментінің ұсынысы бойынша Ұлытау облысының әкімдігі құратын комиссиясымен қаралады (бұдан әрі – Комиссия).

3. Комиссия 10 адамнан тұрады. Комиссия құрамына Ұлытау облыстық мәслихатының, Ұлытау облысы әкімдігінің және Ұлытау облысының полиция департаментінің өкілдері кіреді.

Комиссияның төрағасы – құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары.

4. Ұлытау облысының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша материалдардын жинақтап, тоқсанына бір рет Комиссияның қарауына енгізеді.

5. Комиссия ұсыныc түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оны қарайды.

6. Комиссия отырысы оның жалпы мүшелерінің санынан кемінде үштен екісінің қатысқан жағдайда құқықты деп танылады.

7. Көтермелеу үшін негіз Комиссия қабылдаған шешімі болып табылады.

Шешім көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

8. Комиссияның шешімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлытау облысының Полиция департаментіне жолданады.

9. Көтермелеуге жататын адамның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлесін ескере отырып, көтермелеу түрі, соның ішінде ақшалай сыйақысының мөлшері Комиссиямен анықталады.

Комиссия Ұлытау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тіркелмеген азаматтарды да, егер олар қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға ықпал етсе, көтермелеуге құқылы.

10. Бір және сол азамат тоқсан ішінде марапаттауға бір реттен артық ұсыныла алмайды.

11. Азаматтарды көтермелеу Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.

12. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға алғыс жариялау, грамотамен марапаттау және ақшалай сыйлықақы беру Ұлытау облысының Полиция департаментімен салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

3. Ақшалай сыйақы мөлшері

13. Ақшалай сыйақы мөлшері Комиссиямен белгіленіп, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайды.

14. Ұлытау облысының Полиция департаменті ақшалай сыйақы төлеу үшін Комиссия шешімін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны Ұлытау облысының Полиция департаментінің қаржылық қамтамасыз етуге тиісті құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

15. Ақшалай сыйақы төлеу үшін қосымша түрде Ұлытау облысының Полиция департаменті басшысының бұйрығы шығарылады.

16. Ақшалай сыйақы төлеу Ұлытау облысының Полиция департаментінің бюджеттік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.