Об утверждении натуральных норм оснащения органов внутренних дел Республики Казахстан техническими средствами нейтрализации беспилотных летательных аппаратов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм оснащения органов внутренних дел Республики Казахстан техническими средствами нейтрализации беспилотных летательных аппаратов
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 30.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2025 210222_757236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25C0000350
- ЭКБ идентификаторы
- 210222
- Редакция идентификаторы
- 210222_757236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:43
0 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 70 - бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________
2025 жылғы «____» ___________
0 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2025 жылғы «30» сәуір
№ 350 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу
аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың
заттай нормалары
№
Атауы
Өлшем
бірлігі
Саны
Пайдалану мерзімі, жыл
Қолдану аймағы
Тарату саласы
1
Пилотсыз ұшу аппараттарын бейтараптандырудың техникалық құралдары
Жинақ
2
7
Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағына, әрбір «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісіне, әрбір жылдам қимылдайтын арнайы жасағына, әрбір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне