Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения цены отсечения

Бұйрық · № 26 · қабылданған 12.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210325/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения цены отсечения Қолданыста Бұйрық ·№ 26 ·12.05.2025
12.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения цены отсечения

Қолданыста Бұйрық ·№ 26 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения цены отсечения
Атауы (қаз.)
Кесімді бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
26
Қабылданған күні
12.05.2025
Көрсетілген редакция
12.05.2025 210325_757687.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NT000026
ЭКБ идентификаторы
210325
Редакция идентификаторы
210325_757687
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:28

0 Кесімді бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 48-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кесімді бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

1 Кесімді бағаны айқындау қағидалары

Бұйрықпен бекітілген
Кесімді бағаны айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кесімді бағаны айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансфертті жоспарлау үшін кесімді бағаны айқындау тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

1

1) кесімді баға – мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын қаражат түсімдерінің көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің ең көп ықтимал көлемін есептеу үшін уәкілетті орган пайдаланатын мұнайдың әлемдік бағасының есептік көрсеткіші. Кесімді баға Бюджет кодексінің 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында белгіленеді.

2 2) мұнайдың әлемдік бағасы – Дүниежүзілік Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланған тауар нарықтары жөніндегі статистикасының деректеріне сәйкес «Брент» (Brent) маркалы мұнайдың айлық бағасы.

2 2-тарау. Кесімді бағаны айқындау тәртібі

3

3. Кесімді бағаны есептеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекітетін республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеу кезінде жыл сайын үш жылдық болжамды кезеңге (бірінші жыл – базалық болжам, келесі екі жыл –индикативтік) жүргізеді.

4

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан болжамды кезеңге арналған кепілдендірілген трансферттің ең көп ықтимал мөлшерін уәкілетті орган мұнайдың бағасы кесімді бағаға тең болған кезде Бюджет кодексі 52-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан салықтық түсімдер ретінде есептейді.

5

5. Кесімді бағаның есеп-қисабы мен тиісті жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің ең жоғары ықтимал мөлшерінің есеп-қисабын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келіседі.

6 6. Мұнай өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға мынадай формула бойынша есептеледі:

Pr = P6 + 0.9 * (P7 – P6 ), мұндағы:
Pr – өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға;
P6 – алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің шамасы бойынша өсу тәртібімен 6-шы мәніне сәйкес келетін мұнайдың орташа тоқсандық бағасы;
P7 – алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің шамасы бойынша өсу тәртібімен 7-ші мәніне сәйкес келетін маркалы мұнайдың орташа тоқсандық бағасы.

7 7. Мұнай өндіруге кесімді бағаны түзету мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Prс – кесімді баға;
Pr – өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға;
W – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған миллион тоннамен алғанда мұнай өндіру болжамы;
90,5 – алдыңғы 15 (он бес) жылда ең көп өндіру деңгейі болып табылатын, миллион тоннамен алғанда 2019 жылғы мұнай өндіру деңгейіне сәйкес келеді.

Қолданыстағы