Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута для разведки твердых полезных ископаемых акционерному обществу «НАК Казатомпром»

Қаулы · № 156 · қабылданған 14.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210335/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута для разведки твердых полезных ископаемых акционерному обществу «НАК Казатомпром» Қолданыста Қаулы ·№ 156 ·14.05.2025
14.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута для разведки твердых полезных ископаемых акционерному обществу «НАК Казатомпром»

Қолданыста Қаулы ·№ 156 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута для разведки твердых полезных ископаемых акционерному обществу «НАК Казатомпром»
Атауы (қаз.)
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамына қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156
Қабылданған күні
14.05.2025
Көрсетілген редакция
14.05.2025 210335_758014.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25UL00156A
ЭКБ идентификаторы
210335
Редакция идентификаторы
210335_758014
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:25

0 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»

акционерлік қоғамына
қатты пайдалы қазбаларды
барлау үшін қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінің» 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69 бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 31, 37 баптарына және 03 ақпан 2025 жылғы №30-Д сенімхат негізінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының бас директоры К.Омарбековтың атынан әрекет етуші «Волковгеология» АҚ-ның басқарма төрағасы Е.Л.Ташимовтың 11.02.2025 жылғы №15-05/0333-25 санды хатына және «Волковгеология» АҚ-ның №5 геологиялық барлау экспедициясының директоры Қ.Ә.Бекишовтың е-өтініш порталы арқылы жазған 10 сәуір 2025 жылғы №ЗТ-2025-01171374 санды хатына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамына Созақ ауданы аумағынан қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін барлығы-29440,7 гектар жер учаскесін ұзақ мерзімді уақытша пайдалану құқығымен 6 жылға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамына қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімінен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етілсін.

3 3. «Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етісін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы