О мерах по стабилизации экономической ситуации и защиты отечественных товаропроизводителей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по стабилизации экономической ситуации и защиты отечественных товаропроизводителей
- Атауы (қаз.)
- Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 05.02.1999
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2008 AI2104_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990000088_
- ЭКБ идентификаторы
- 2104
- Редакция идентификаторы
- AI2104_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:21
0 Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 114-бабына сәйкес, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес, шыққан елі Қырғыз Республикасы болып табылатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арнаулы кедендік баждың ставкасы 200 процент мөлшерінде бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының Интеграциялық комитетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитетіне Қазақстан тарапынан қабылданатын қорғаныштық шаралар туралы хабарласын.
3 3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді және 6 ай бойы қолданылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. N 1111 қаулысымен.
0 Қырғыз Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде оларға қатысты арнаулы кеден баж қолданылатын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 5 ақпандағы
N 88 қаулысына
қосымша
📌 ЕСКЕРТУ. ҚОСЫМША өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. N 1111 қаулысымен.
Қырғыз Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде оларға қатысты арнаулы кеден баж қолданылатын тауарлардың тізбесі
___________________________________________________________________
Тауардың атауы | СЭҚ ТН коды
___________________________________________________|_______________
Сары май мен сүт майлары, басқалары, | 0405
сүт пасталары |
___________________________________________________|_______________
Алкогольді және алкогольсіз сусындар | 22
___________________________________________________|_______________
Бiшкек - Кока-Кола" өнiмінен басқасы |
-------------------------------------------------------------------