Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Гвинея-Бисау об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов

Қаулы · № 258 · қабылданған 23.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210506/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Гвинея-Бисау об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов Қолданыста Қаулы ·№ 258 ·23.04.2025
23.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Гвинея-Бисау об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов

Қолданыста Қаулы ·№ 258 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Гвинея-Бисау об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
258
Қабылданған күні
23.04.2025
Қолданысқа енгізілген күні
23.04.2025
Көрсетілген редакция
23.04.2025 210506_760726.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000258
ЭКБ идентификаторы
210506
Редакция идентификаторы
210506_760726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:55

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2024 жылғы 18 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық
Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды.
ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін
тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер
министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Гвинея-Бисау Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы
келісім
Бұдан әрі жеке-жеке Тарап және бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасының Үкіметі
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Гвинея-Бисау Республикасының азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екі мемлекет арасындағы өзара сапарларын жеңілдетуді қалай отырып,
өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес әрекет ете отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиыны күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге визасыз көп мәрте келе алады, транзитпен өте алады және бола алады.

2 2-бап

Екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері ретінде қызметтік іссапарда жүрген Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына өздері аккредиттелген кезеңге визасыз келе алады, онда бола алады және одан кете алады.

3 3-бап

Тараптардың әрқайсысының мемлекеттері азаматтарының дипломатиялық және қызметтік паспорттары екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген күннен бастап кемінде 6 (алты) айға жарамды болуға тиіс.

4 4-бап

1 1. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі, транзитпен өтуі және шығуы халықаралық қатынас үшін ашылған ресми көші-қон өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.

2

2. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезеңде 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне залал тигізбей, осы Тарап мемлекетінің қолданыстағы ұлттық заңнамасын сақтауға тиіс.

5 5-бап

Тараптардың әрқайсысы аумақта болғанын қоштамайтын екінші Тарап мемлекеті азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің өз мемлекетінің аумағына келуіне рұқсат беруден бас тарту не болу мерзімін қысқарту құқығын өзіне қалдырады.

6 6-бап

1 1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданысын уақытша, ішінара немесе толық тоқтатып қоя алады.

2

2. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ қайта бастау туралы шешім қабылдаған Тарап осы шешімнің күшіне енуіне дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағат бұрын екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы өзінің осындай шешімі туралы хабардар етуге тиіс. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру екінші Тарап мемлекетінің аумағында жүрген, осы Келісімнің 1 және 2-баптарында аталған Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтарының құқықтарын қозғамайды.

7 7-бап

Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың үлгілерімен алмасады. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық және қызметтік паспорттарға өзгерістер енгізілген жағдайда бұл өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.

8 8-бап

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген келіспеушілік немесе дау Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.

9 9-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.

10 10-бап

1 1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.

2 2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 6 (алты) ай өткенге дейін күшінде қалады.

2024 жылғы 18 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, португал және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтіндерінің арасында алшақтық туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Гвинея-Бисау Республикасының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы