Об утверждении перечня разрешенных финансовых инструментов и сделок с ними, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня разрешенных финансовых инструментов и сделок с ними, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 353
- Қабылданған күні
- 21.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2025 210511_758181.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000353
- ЭКБ идентификаторы
- 210511
- Редакция идентификаторы
- 210511_758181
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:17
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің
тізбесі
1 1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:
1 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2 2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;
3 3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
4 4) корпоративтік бағалы қағаздар;
5 5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;
6 6) жылжымайтын мүлік (Mortgage-backed security – MBS) және активтер (Asset-backed security – ABS) кепілге қойылған бағалы қағаздар;
7 7) акциялар;
8 8) туынды қаржы құралдары;
9 9) құрылымдық өнімдер;
10 10) валюталар;
11 11) ақша нарығы қорлары;
12 12) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
13 13) биржалық инвестициялық қорлар (Exchange-traded fund – ETFs);
14 14) балама құралдар;
15 15) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктердің акциялары мен үлестері (Special purpose vehicle – SPV).
2 2. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар бойынша мәмілелер:
1 1) репо және кері репо операциялары;
2 2) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);
3 3) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities lending).
3 3. Қазақстандық қаржы құралдары:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды іске асыру үшін эмиссияланатын борыштық бағалы қағаздары.
______________________
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2025 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысы;
2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1438 қаулысы;
3
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 665 қаулысы;
4
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 1572 қаулысы;
5
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 350 қаулысы;
6
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 731 қаулысы;
7
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 403 қаулысы;
8
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1115 қаулысы;
9
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 845 қаулысы;
10
10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 470 қаулысы.
______________________