Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства иностранных дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства иностранных дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/289
- Қабылданған күні
- 20.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2025 210515_819931.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25IY111428
- ЭКБ идентификаторы
- 210515
- Редакция идентификаторы
- 210515_819931
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:18
0 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70 бабы 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануды;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының Басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы « » ________
№_____ бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Атауы
Функционалдық мақсаты
Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер
Көліктердің шекті саны
Жедел
Қазақстанға ресми жұмыс сапарларымен немесе жол жүру сапарларымен келетін мемлекет басшыларының, үкіметтердің, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету;
Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алу және шығарып салу;
Дипломатиялық корпустың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі
3
Ескертпе:
арнайы көлік құралы-Қазақстанға ресми жұмыс сапарларымен немесе жол жүру сапарларымен келетін мемлекеттер басшыларының, үкіметтердің, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз етуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алу және шығарып салу; дипломатиялық корпустың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.