Құжат мәтініне өту

Об утверждении натуральных норм площадей для административных и специфических помещений загранучреждений Республики Казахстан при приобретении в собственность, проектировании и строительстве административных зданий загранучреждений Республики Казахстан

Бұйрық · № 11-1-4/288 · қабылданған 20.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210517/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении натуральных норм площадей для административных и специфических помещений загранучреждений Республики Казахстан при приобретении в собственность, проектировании и строительстве административных зданий загранучреждений Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/288 ·20.05.2025
20.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении натуральных норм площадей для административных и специфических помещений загранучреждений Республики Казахстан при приобретении в собственность, проектировании и строительстве административных зданий загранучреждений Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/288 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении натуральных норм площадей для административных и специфических помещений загранучреждений Республики Казахстан при приобретении в собственность, проектировании и строительстве административных зданий загранучреждений Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің меншігіне алу, әкімшілік ғимараттарын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/288
Қабылданған күні
20.05.2025
Көрсетілген редакция
20.05.2025 210517_762337.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25IY111428
ЭКБ идентификаторы
210517
Редакция идентификаторы
210517_762337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:18

0 Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің меншігіне алу, әкімшілік ғимараттарын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70 бабы 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің меншігіне алу, әкімшілік ғимараттарын жобалау және салу кезінде қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) Осы бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

1 Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік ғимараттарын сатып алу, құрылысын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және арнайы үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы « » _________
№ ____ бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік ғимараттарын сатып алу, құрылысын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және арнайы үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары

Үй-жайлардың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайлардың ауданы
артық емес
1.
Қызметтік кабинеттер:
1)
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің, халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) Өкілдің кабинеті (1 қызметкерге арналған)
шаршы метр
54
2)
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің, халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) Өкілдің демалу бөлмесі (1 қызметкерге арналған)
шаршы метр
15
3)
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің, халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) Өкілдің қабылдау бөлмесі (1 қызметкерге арналған)
шаршы метр
12
4)
Сенімді өкілдің, халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасарының, Бас консулдың, кеңесші-уәкілдің кабинеті
(1 қызметкерге арналған)
шаршы метр
25
5)
Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі кеңесшісінің кабинеті (1 қызметкерге арналған)
шаршы метр
20
6)
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, (1 қызметкерге/жұмысшыға арналған) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің кабинеті
шаршы метр
7,5
2.
Жалпы пайдаланылатын үй-жайлар (конференц-залдары, отырыс өткізу залдары, шетелдік тараппен салтанатты кездесулерге арналған бөлмелер, рекреациялық бөлмелер)
шаршы метр
Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 50%
3.
Арнайы мақсаттағы бөлмелер (кассалар, мұрағаттар, көшіру-көбейту техникасы бөлмелері, техникалық жабдықтарға арналған бөлмелер)
шаршы метр
Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 50%
4.
Техникалық үй-жайлар (желдету камералары, серверлік, электрқалқандар, жылу пункттері, су өлшеу торабы, қоймалар)
шаршы метр
Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 50%
5.
Қосалқы бөлмелер (гардеробтар, дәліздер, балкондар, баспалдақтар, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған бөлмелер және тағы басқалар)
шаршы метр
Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 35%
6.
Келушілерді қабылдайтын консулдық пункт
шаршы метр
150
7.
Бақылау-өткізу пункттері
шаршы метр
100
8.
Паркинг (1 машина орыны)
шаршы метр
18
Ескерту:
1. Егер ғимараттардың үй-жайларының жоспарлану ерекшелігі осы аудандарды қысқартуға мүмкіндік бермейтін жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шетелдік және ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын асыруға жол беріледі, алайда ғимараттардың жалпы ауданы ғимараттарды сатып алу кезеңіндегі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналының саны және үй-жайлардың бекітілген нормалары бойынша есептелген ауданнан аспауы қажет.
2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің үй-жайлары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін, консулдық мекемелерін және халықаралық ұйым жанындағы шет мемлекеттің өкілдіктерін қабылдаушы мемлекеттің аумағына орналастыруға қойылатын талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттардың, екіжақты келісімдердің және өзге де актілердің талаптарына сәйкес қайта қаралады.

Қолданыстағы