Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации профессиональной служебной и физической подготовки сотрудников оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу

Бұйрық · № 87-НҚ · қабылданған 31.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210579/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации профессиональной служебной и физической подготовки сотрудников оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу Қолданыста Бұйрық ·№ 87-НҚ ·31.03.2025
31.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации профессиональной служебной и физической подготовки сотрудников оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу

Қолданыста Бұйрық ·№ 87-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации профессиональной служебной и физической подготовки сотрудников оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу
Атауы (қаз.)
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87-НҚ
Қабылданған күні
31.03.2025
Қолданысқа енгізілген күні
31.03.2025
Көрсетілген редакция
31.03.2025 210579_760736.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25ES000087
ЭКБ идентификаторы
210579
Редакция идентификаторы
210579_760736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:21

0 Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 36-бабы 3-тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы №515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықты Агенттіктің аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

0 Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережелері

Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің
202__жылғы «__»_______
№ __ бұйрығымен
бекітілген
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережелері

1

1. Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың осы ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2

2. Кәсіби қызметтік дайындық – қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі экономикалық тергеп-тексеру қызметі (бұдан әрі – ЭТҚ) қызметкерлерінің жүктелген қызметтік міндеттерді сәтті атқару үшін қажетті кәсіби білімдер, машықтар мен дағдыларды тұрақты жетілдірудің және игерудің ұйымдастырылған әрі мақсатты процесі.

3 3. Кәсіби қызметтік дайындық жүктелген міндеттерді атқару үшін қызметтік әрекеттерінің ерекшелігі мен профилін ескере отырып, қызметкерлеріне қажетті білімді нығайтуға және жаңартуға бағытталған шаралар жүйесін көздейді.

4 4. Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі ЭТҚ қызметкерлерінің кәсіби қызметтік дайындығын дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қаржылық мониторинг органдарының кадр қызметіне жүктеледі.

5 5. Кәсіби қызметтік дайындық бойынша оқу өткізуге білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, қаржылық мониторинг органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері мен қызметкерлері, өзге министрліктер мен ведомстволардың жұмыскерлері қызметшілері тартылады.

6 6. Кәсіби қызметтік дайындық бойынша оқыту қыркүйек айында басталады және тоғыз ай бойы жалғасады.

7 7. Оқу жылы аяқталғаннан кейін кадр қызметі ЭТҚ құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ басқа құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде келесі оқу жылына арналған кәсіби қызметтік дайындық бойынша оқыту жүргізудің тақырыптық жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) қалыптастырады.

8 8. Кәсіби қызметтік дайындық бойынша оқыту сабақтары айына кемінде бір рет, кемінде екі тақырыпты көтерумен өткізіледі.

9 9. Бекітілген жоспарға сәйкес, оқудың басталуына дейін он жұмыс күннен кешіктірмей тиісті тақырып бойынша жауапты бөлімше дәрістік материалдарды осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келісу үшін кадр қызметіне ұсынады.

10

10. Дәріс материалын жауапты бөлімшенің қызметкері дайындайды. Дәрістерде ресми дереккөздердің, Жоғарғы Соттың және Конституциялық Кеңестің негізгі нормативтік қаулыларын іске асыру үшін қабылданған түсіндірмелер, түсініктемелер не туынды нормативтік құқықтық актілер, заңнамалық актілерге түсініктемелер, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың түсіндірмелері және нормативтік құқықтық актілер қамтылады, сондай-ақ мүмкіндігінше жария етілетін мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің мысалдары, ұсынымдары, құқық қолдану практикасының проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары, статистикалық ақпарат қамтылады.
Көзбен көріп қабылдау үшін дәріс материалдары компьютерлік бағдарламаларын не фото-видео материалдарын пайдалану арқылы презентация жасаумен сүйемелденеді.
Қаржылық мониторинг органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары дәріс материалдарының сапалы дайындалуына жауапты болып табылады.

11 11. Дәріс материалы осы ережелердің 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда аталған материал үш жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшеге пысықтау үшін қайтарылады.

Жауапты бөлімше кемшіліктерді жойғаннан кейін дәріс материалын қаржылық мониторинг органдарының кадр қызметіне материалдар қайтарылған күннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде қайта ұсынады.

12 12. Кадр қызметі ЭТҚ қызметкерлерінің оқуға қатысуына бақылауды қатысу журналын жүргізу арқылы жүргізеді.

13 13. Кәсіби қызметтік дайындық процесінде пайдаланылатын дәріс материалы жинақтау ісіне тігіледі және келесі оқу жылдың басына дейін кадр қызметінде сақталады. Көрсетілген материалды ақпараттардың тиісті электрондық тасымалдағыштарында (дискілер, сақтау құрылғылары) сақталуға жатады.

14 14. Оқу жылы ішіндегі кәсіби қызметтік дайындық қорытындысы бойынша кадр қызметі зерделенген оқу материалын білу деңгейін тексеру үшін тестілеу өткізеді.

15 15. Дене шынықтыру дайындығы күнделікті жұмыста қызметкердің бойында қызметтік міндеттерді атқару үшін қажетті дене шынықтыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған спорттық сабақтардың кешенінен тұрады.

16 16. Дене шынықтыру дайындығы бойынша оқытуларды ұйымдастыру үшін қаржылық мониторинг органдарының басшылары дене шынықтыру дайындығын жүргізуге жауапты бөлімшені бекітумен, тиісті шараларды жүргізу уақыты мен орнын анықтаумен жыл сайын тиісті бұйрық шығарады.

17 17. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар қаңтар айынан басталады және аптасына кемінде екі реттен жыл бойына жалғасады.

18 18. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар осы Ережелерге қосымшаларда белгіленген дене шынықтыру дайындығы нормативтерін орындауға бағытталған.

1 Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерінің дене шынықтыру және атыс дайындығын анықтау бойынша нормативтері

Қаржылық мониторинг органдарының
жедел-тергеу бөлімшелеріндегі
қызметкерлерінің кәсіби қызметтік
және дене шынықтыру дайындығын
ұйымдастыру ережелеріне
қосымша
Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерінің дене шынықтыру және атыс дайындығын анықтау бойынша нормативтері
Ерлер үшін
Жаттығу атауы
Бағасы
Жас ерекшелігіне қарай топтар
1
2
3
4
5
6
7
25-ке дейін
25-29
30-34
35-39
40-44
45-49
50 және одан жоғары
100 метрге жүгіру (с)
үздік
14,0
14,5
15,0
16,0
-
-
-
жақсы
14,5
15,0
15,5
16,5
-
-
-
қанағаттанарлық
15,0
15,5
16,0
17,0
-
-
-
60 метрге жүгіру (с)
үздік
-
-
-
-
10,5
11,0
11,5
жақсы
-
-
-
-
11,0
11,5
12,0
қанағаттанарлық
-
-
-
-
11,5
12,0
12,5
Жатып тірелу қалпында қолды бүгу және жазу (рет саны)
үздік
35
33
30
27
25
20
15
жақсы
33
30
27
25
22
18
13
қанағаттанарлық
30
27
25
22
20
15
10
Кермеде тартылу (рет саны)
үздік
14
13
11
9
7
5
4
жақсы
12
11
9
7
5
4
3
қанағаттанарлық
10
9
7
5
4
3
2
Әйелдер үшін
Жаттығу атауы
Бағасы
Жас ерекшелігіне қарай топтар
1
2
3
4
5
6
7
25-ке дейін
25-29
30-34
35-39
40-44
45-49
50 және одан жоғары
60 метрге жүгіру (с)
үздік
9,5
10,5
11,5
12,5
13,5
14,5
-
жақсы
10,5
11,5
12,5
13,5
14,5
15,5
-
қанағаттанарлық
11,5
12,5
13,5
14,5
15,5
16,5
-
Арқада жату қалпынан денені көтеру (рет саны)
үздік
30
28
25
22
20
16
-
жақсы
28
25
22
20
18
14
-
қанағаттанарлық
25
22
20
18
16
12
-
Жатып тірелу қалпында қолды бүгу және жазу (рет саны)
үздік
20
18
15
13
10
8
-
жақсы
18
15
13
10
8
6
-
қанағаттанарлық
15
13
10
8
6
4
-
Ескертпе:
Дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығуларды орындау шарттары келесі тәртіпте:

1 1) 100 метрге жүгіру стадионның жүгіруге арналған жолында немесе кез-келген жазық орында жүзеге асырылады;

2 2) қолды бүгу және жазу жатып тірелу қалпында орындалады – дене түзу қалпында, ерлерге – қолдарын кеуде жерге тірелгенге дейін бүгу.

Қолданыстағы