Об утверждении Правил определения стоимости государственного задания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения стоимости государственного задания
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 23.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2025 210762_762342.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25F0000173
- ЭКБ идентификаторы
- 210762
- Редакция идентификаторы
- 210762_762342
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:14
0 Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық ғылым және білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1 Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2025 жылғы «___» мамырдағы
№____ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2 2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2 2. Мемлекеттік тапсырманың құны тікелей, жанама және үстеме шығыстардың сомасына сүйене отырып мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ = ∑ТШ+ЖШ+ҮШ,
мұнда:
Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар;
ҮШ – үстеме шығыстар.