Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 261/НҚ
- Қабылданған күні
- 28.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2025 210792_762347.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25IPM00261
- ЭКБ идентификаторы
- 210792
- Редакция идентификаторы
- 210792_762347
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:11
0 Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1 1) жанама (әкімшілік) шығыстар – көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей қатысы жоқ шығыстар;
2 2) тікелей шығыстар – қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.