Об утверждении Типовой формы стандарта меры государственной поддержки частного предпринимательства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовой формы стандарта меры государственной поддержки частного предпринимательства
- Атауы (қаз.)
- Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 27.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2025 210819_767763.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036158
- ЭКБ идентификаторы
- 210819
- Редакция идентификаторы
- 210819_767763
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:13
0 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары
стандартының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 2-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысаны бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
0 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысаны _______________________________________________________ (мемлекеттік қолдау шарасының атауы)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 27 мамырдағы
№ 36 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысаны
_______________________________________________________
(мемлекеттік қолдау шарасының атауы)
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік қолдау шарасының әкімшісі болып табылатын мемлекеттік органның атауы.
2 2. Осы мемлекеттік қолдау шарасын тікелей ұсынатын оператор.
3 3. Мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері) атауы және бабы (тармағы).
4 4. Мемлекеттік қолдау шарасын көрсету нысаны (қағаз түрінде, электрондық түрде – қолдау көрсету жүйесінің атауы мен сілтемесін көрсету).
5
5. Мемлекеттік қолдау шарасын алушы (кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпкерлік түрі (әлеуметтік, әйелдер, жастар, отбасылық), кәсіпкерлік субъектісінің жынысы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, орналасқан жері (қала/ауыл), қызмет саласы, экономикалық қызметтің жалпы жіктеушінің коды, экономикалық қызметтің жалпы жіктеушінің атауы).
6 6. Тұтынушы алатын мемлекеттік қолдау шарасының нәтижесі (мемлекеттік ынталандыру шарасы не мемлекеттік қолдау шарасын беруден бас тарту туралы уәжді жауап).
7 7. Мемлекеттік қолдау шарасын көрсету туралы сұранысты қарау мерзімдері.
8 8. Нәтижені ұсыну тәсілі (электрондық, қағаз түрінде).
9 9. Жұмыс кестесі (жұмыс күндері, сағаттары, үзілістер, демалыс күндері).
2 2-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету
10 10. Мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін қажетті құжаттар мен талаптардың толық тізбесі.
11 11. Мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін қолдау көлемі мен мерзімі.
12 12. Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру көзі (екінші деңгейдегі банк, лизингтік компания, микроқаржы ұйымы, оператор).
13 13. Мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін қарсы міндеттемелердің көлемі мен мерзімі.
14 14. Мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну рәсімін тоқтата тұрудың немесе оны көрсетуден бас тартудың толық негіздер тізбесі.
3 3-тарау. Ұсынылған мемлекеттік қолдау шарасының тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізу
15
15. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасын мониторингтеуді жүргізуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері) атауы және бабы (тармағы).
16 16. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының тиімділігін мониторингтеу немесе талдау жүргізілетін түрлері, мерзімдері және жағдайлары.
17 17. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының мониторингтеу нәтижесі.
4 4-тарау. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын ұйымның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
18 18. Мемлекеттік қолдау шарасын көрсететін ұйымның (ұйымның/мемлекеттік органның атауы), оның лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
19 19. Шағымдану тәртібі бойынша түсініктеме алу және барлық қажетті мәліметтерді көрсете отырып, шағым дайындауға жәрдемдесу алгоритмі:
мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйым арқылы жүгінген жағдайда – түсініктеме беруге және шағымды дайындауға көмектесуге жауапты тұлғаның лауазымы, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы;
портал/ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жүгінген жағдайда – мемлекеттік қолдау шарасын көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны.