О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 28.05.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2025 210821_759865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036161
- ЭКБ идентификаторы
- 210821
- Редакция идентификаторы
- 210821_759865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:10
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
1 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 74 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген).
2
2. «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 291 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15969 болып тіркелген).
3
3. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтар тізбесінің 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17526 болып тіркелген).