Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы от 14.07.2004 г. № 9-8 с (Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы)
1. Селолық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін. (Қоса тіркеледі)
Келісілді
Аудандық қаржы
басқармасының бастығы
К.Көрпебаева
Аудандық еңбек,
жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы
Б.Ахметова
«Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау,
білім беру, мәдениет және спорт,
әлеуметтік қамсыздандыру салаларының
мамандарына отын сатып алу үшін
әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы»
2004ж. 15 шілдедегі № 9-8с
аудандық мәслихаттың шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жалпы ережелер.
1. Бұл Ереже 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Қазақстан Республикасындағы ауыл (селоны) және агроөндірістік кешенді дамытудың басымдықтары» Заңының және 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңының орындалуы үшін әзірленді.
2. Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына (дәрігерлерге, мед. бикелерге, фельдшерлерге), білім беру (мектеп директорларына, мұғалімдерге, кітапханашыларға), әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік жұмыскерлерге), мәдениет және спорт (әдіскерлерге, кітапханашыларға) салаларының мамандарына (бұдан әрі - әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлем) отын сатып алу үшін біржолғы ақшалай төлем жылына бір рет тағайындалып төленеді.
3. Әлеуметтік сала мамандарына заңсыз төленген ақшалай төлем қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айыпты тұлғалар есебінен қайтарылады.
Көмектің көлемі мен тағайындалу тәртібі.
4. Әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемдер еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылған құжаттар негізінде тағайындалады:
1) біржолғы ақшалай төлем тағайындау жөнінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бастығы атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
4) тұрғылықты мекен-жайынан анықтама;
5) жұмыс істейтін жерінен анықтама;
6) Халық банкінің филиалы немесе «Қазпошта» филиалында ашылған дербес есепшотының нөмірі.
5. Осы Ереженің заңды күші таралатын екі не одан да көп тұлғалар бірге тұрған жағдайда, әлеуметтік сала мамандарына біржолғы қаражат төлемдері әрқайсына беріледі.
6. Әлеуметтік төлемдердің көлемі 1000 (бір мың) теңге.
Қаржыландыру және төлем жүргізу тәртібі.
7. Қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
8. Бағдарламаны басқарушы құжаттарды қабылдап, ай сайынғы жиынтық тізімді құрастырып, несие барын анықтаған соң, қаржыландыруға тапсырыс жібереді. Несие болмай қалған жағдайда тапсырыспен бірге бір айырық шамадан екінші айырық шамаға несиені қозғау өтінімін қоса береді.
9. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жиынтық тізімдерді тапсырған соң, әлеуметтік көмек төлемі Халық банкінің филиалы және аудандық пошта байланысының басқармасы (Қазпошта) арқылы азаматтардың шоттарына аудару жолымен жүзеге асады.
Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі.
10. Аудандық қаржы басқармасы жергілікті бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізеді.
11. Бағдарламаны басқарушы тапсырылған құжаттардың сенімділігіне бақылау жасап, бөлінген қаражаттың дұрыс және мақсатты жұмсалуына жауап береді