Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Селолық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін. (Қоса тіркеледі) Келісілді Аудандық қаржы басқармасының бастығы К.Көрпебаева Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы Б.Ахметова
Басқа 2. Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы» 2004ж. 15 шілдедегі № 9-8с аудандық мәслихаттың шешімімен БЕКІТІЛГЕН Селолык жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 3. Жалпы ережелер.
Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Бұл Ереже 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Қазақстан Республикасындағы ауыл (селоны) және агроөндірістік кешенді дамытудың басымдықтары» Заңының және 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңының орындалуы үшін әзірленді.
Тармақ 2
2. Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына (дәрігерлерге, мед. бикелерге, фельдшерлерге), білім беру (мектеп директорларына, мұғалімдерге, кітапханашыларға), әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік жұмыскерлерге), мәдениет және спорт (әдіскерлерге, кітапханашыларға) салаларының мамандарына (бұдан әрі - әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлем) отын сатып алу үшін біржолғы ақшалай төлем жылына бір рет тағайындалып төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік сала мамандарына заңсыз төленген ақшалай төлем қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айыпты тұлғалар есебінен қайтарылады.
Тарау 7. Көмектің көлемі мен тағайындалу тәртібі.
Көмектің көлемі мен тағайындалу тәртібі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемдер еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылған құжаттар негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай төлем тағайындау жөнінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бастығы атына өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) тұрғылықты мекен-жайынан анықтама;
Тармақша 5
5) жұмыс істейтін жерінен анықтама;
Тармақша 6
6) Халық банкінің филиалы немесе «Қазпошта» филиалында ашылған дербес есепшотының нөмірі.
Тармақ 5
5. Осы Ереженің заңды күші таралатын екі не одан да көп тұлғалар бірге тұрған жағдайда, әлеуметтік сала мамандарына біржолғы қаражат төлемдері әрқайсына беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлемдердің көлемі 1000 (бір мың) теңге.
Тарау 17. Қаржыландыру және төлем жүргізу тәртібі.
Қаржыландыру және төлем жүргізу тәртібі.
Тармақ 7
7. Қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Бағдарламаны басқарушы құжаттарды қабылдап, ай сайынғы жиынтық тізімді құрастырып, несие барын анықтаған соң, қаржыландыруға тапсырыс жібереді. Несие болмай қалған жағдайда тапсырыспен бірге бір айырық шамадан екінші айырық шамаға несиені қозғау өтінімін қоса береді.
Тармақ 9
9. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жиынтық тізімдерді тапсырған соң, әлеуметтік көмек төлемі Халық банкінің филиалы және аудандық пошта байланысының басқармасы (Қазпошта) арқылы азаматтардың шоттарына аудару жолымен жүзеге асады.
Тарау 21. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі.
Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі.
Тармақ 10
10. Аудандық қаржы басқармасы жергілікті бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізеді.
Тармақ 11
11. Бағдарламаны басқарушы тапсырылған құжаттардың сенімділігіне бақылау жасап, бөлінген қаражаттың дұрыс және мақсатты жұмсалуына жауап береді