Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг
- Атауы (қаз.)
- Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 262/НҚ
- Қабылданған күні
- 28.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2025 210834_760749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036162
- ЭКБ идентификаторы
- 210834
- Редакция идентификаторы
- 210834_760749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:11
0 Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 262/НҚ
бұйрығымен бекітілген
Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1 1) жанама (әкімшілік) шығыстар – көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей қатысы жоқ шығыстар;
2 2) тікелей шығыстар – қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2 2-тарау. Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібі
3 3. Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу кезінде негіздеуші құжаттармен расталған тікелей және жанама (әкімшілік) шығыстар (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде 3 (үш) баға ұсынысы) ескеріледі.
4
4. Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнына ықтимал шығындарға арналған резервтерді қалыптастыру жөніндегі шығыстар, өткен кезеңдердегі өзге де борыштар мен залалдарды жабу жөніндегі шығыстар, ақпараттық ілгерілету жөніндегі шығыстар (жарнама), демеушілік көмек, айыппұлдар, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ сыйлықақы төлемдеріне, мастер-класстар өткізуге және өкілдік шығыстарға арналған шығыстар енгізілмейді.