Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг в сфере государственного аудита и финансового контроля

Қаулы · № 5-НҚ · қабылданған 29.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210854/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг в сфере государственного аудита и финансового контроля Қолданыста Қаулы ·№ 5-НҚ ·29.05.2025
29.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг в сфере государственного аудита и финансового контроля

Қолданыста Қаулы ·№ 5-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг в сфере государственного аудита и финансового контроля
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5-НҚ
Қабылданған күні
29.05.2025
Көрсетілген редакция
29.05.2025 210854_761061.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036169
ЭКБ идентификаторы
210854
Редакция идентификаторы
210854_761061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:08

0 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 10-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24213 болып тіркелген) нормативтік қаулысының;

2

2) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 20 ақпандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31937 болып тіркелген) бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өзгерістер енгізілетін нормативтік қаулылары тізбесінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және әдіснама департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына жүктелсін.

5 5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Қазақстан Республикасының

Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 29 мамырдағы
№ 5-НҚ
нормативтік қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымын қалыптастыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында зерттеулер жүргізудің, консалтингтік қызметтер көрсетудің құнын белгілеу тәртібін анықтайды.

2 2-тарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

2 2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын белгілеу кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер құнының есебінде көрсетілген тікелей және жанама шығыстар ескеріледі.

3 3. Шығыстарды есепке алудың тікелей әдісі қызмет құнының есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.

Қызметтер құны мынадай формула бойынша белгіленеді:
Қ = ТШ + ЖШ
мұнда,
Қ – қызмет құны;
ТШ – қызмет көрсетумен тікелей байланысты тікелей шығыстар;
ЖШ – тұтастай қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ қызмет көрсету процесінде тікелей тұтынылмайтын жанама шығыстар.

4 4. Көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу кезінде тікелей және жанама шығыстарға жатпайтын шығыстар ескерілмейді.

5 5. Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтер құнына сыйлықақы төлемдеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар кірмейді.

1 Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау саласындағы зерттеулердің,
консалтингтік көрсетілетін
қызметтердің құнын
белгілеу қағидаларына
қосымша
_______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметтің атауы)
_______________________________________________________________
(зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің атауы)
20 ___ жылға арналған көрсетілетін қызметтер құнының есебі
Бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның атауы
____________________________________________________________________
Р/т №
Шығыстар баптарының атауы
1 бірліктің бағасы, теңгемен
Саны
Сомасы,
теңгемен
Қысқаша негіздеме
1
2
3
4
5
6
20__ жылға БАРЛЫҒЫ
1.
Тікелей шығыстар:
1.1.
Еңбекақы төлеу қоры (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жалақысы)
1.2.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар және жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
1.3.
Іссапар шығыстары (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың)
1.4.
Сарапшыларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға арналған шығыстар (жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспайды)
1.6.
Тауарлар мен материалдарды сатып алу (кеңсе тауарлары мен шығыс материалдары)
1.7.
Үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар және пайдалану шығыстары
1.8.
Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстар (қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жұмыс орны)
1.9.
Аударма қызметтеріне, инфографикаға және типографиялық қызметтерге арналған шығыстар
1.10.
Цифрлық кітапханаларға және электрондық дерекқорларға қосылу бойынша шығыстар
1.11.
Материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстар (ақпараттық жүйелерді, патенттерді және басқаларын пайдалану құқығы)
1.12.
Пошта байланысы, интернет, телефония (ұялы байланыс қызметтерін қоспағанда), хостинг және доменге, интернет-ресурстарды әзірлеуге және күтіп-ұстауға арналған шығыстар
1.13.
Зерттеу материалдарын жариялауға байланысты шығыстар
2.
Жанама шығыстар:
2.1.
Әкімшілік-басқару персоналының жалақысы
2.2.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар
2.3.
Қаржы-шаруашылық шығыстар (материалдарды, қорларды және негізгі құралдарды (әкімшілік-басқару персоналының жұмыс орны) сатып алу, негізгі құралдардың амортизациясы, салықтар мен алымдар, байланыс қызметтеріне, көлік қызметтеріне, пайдалану қызметтеріне, ақпараттық жүйелерге қол жеткізу қызметіне ақы төлеу, іссапар шығыстары және әкімшілік жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша шығыстар)
Бірінші басшы ______________ ______________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
Бас бухгалтер ______________ ______________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

Қолданыстағы