Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы республиканского государственного казенного предприятия "Научно-технический центр межотраслевой информации" Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан

Қаулы · № 921 · қабылданған 30.08.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21089/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Некоторые вопросы республиканского государственного казенного предприятия "Научно-технический центр межотраслевой информации" Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 921 ·30.08.2004
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы республиканского государственного казенного предприятия "Научно-технический центр межотраслевой информации" Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 921 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы республиканского государственного казенного предприятия "Научно-технический центр межотраслевой информации" Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының кейбiр мәселелерi
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
921
Қабылданған күні
30.08.2004
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI21089_6.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000921_
ЭКБ идентификаторы
21089
Редакция идентификаторы
AI21089_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:44

0 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.

2 2. Орталықтың мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленсiн.

3 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1 1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;

2 2) Орталықты әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы
N 921 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2

2. "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 51-құжат):
тақырыбы мен мәтінінде "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың, "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар", деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "жабық тақырып" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде:
тақырыбы мен мәтінiнде: "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "жабық ҒЗТКЖ" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды"; "құпиялы ҒЗТКжЖТЖ" деген сөздермен ауыстырылсын;
"FЗТКЖ" деген аббревиатура "ҒЗТКжЖТЖ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
3-тармақтағы:
"ғылыми мекемеге" деген сөздер "қазыналық кәсiпорынға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Салааралық" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы "жабық тақырыптар" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырыптар" деген сөздермен ауыстырылсын.

3 3.

4 4.

Қолданыстағы