Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 269/НҚ · қабылданған 29.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210895/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста Бұйрық ·№ 269/НҚ ·29.05.2025
29.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Қолданыста Бұйрық ·№ 269/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
269/НҚ
Қабылданған күні
29.05.2025
Көрсетілген редакция
29.05.2025 210895_759966.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036180
ЭКБ идентификаторы
210895
Редакция идентификаторы
210895_759966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:09

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

8 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 29 мамырдағы
№ 269/НҚ бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 82) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларында:
2-тармақтың 4-тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

2

2. «Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 79) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 79) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 4-тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

3

3. «Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен (бұдан әрі – су көлігі) тасымалдау тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 2-тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

Қолданыстағы