Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Бұйрық · № 184 · қабылданған 30.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210898/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг Қолданыста Бұйрық ·№ 184 ·30.05.2025
30.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Қолданыста Бұйрық ·№ 184 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг
Атауы (қаз.)
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
184
Қабылданған күні
30.05.2025
Көрсетілген редакция
30.05.2025 210898_760155.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036184
ЭКБ идентификаторы
210898
Редакция идентификаторы
210898_760155
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:07

0 Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын

белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2

2. «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №182 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23102 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық ғылым және білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

2 2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны тікелей, жанама және үстеме шығыстардың сомасына сүйене отырып мынадай формула бойынша белгіленеді:

Қ = ∑ТШ+ЖШ+ҮШ,
мұнда:
Қ – зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар;
ҮШ – үстеме шығыстар.

3 3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын есептеген кезде зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық жұмыскерлердің жалақысы штаттық кестеге сәйкес лауазымдар бойынша әрбір жұмыскер бойынша жеке көрсетіледі.

4 4. Тікелей шығыстарға:

1 1) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын жұмыскерлердің жалақысы;

2 2) тартылатын сыртқы сарапшылар көрсететін қызметтер құны жатады.

5 5. Жанама шығыстарға іссапар шығыстары жатады.

6 6. Үстеме шығыстарға:

1 1) материалдар мен жабдықтарды сатып алу;

2 2) көлік шығыстары;

3 3) ғимаратты жалға алу;

4 4) жабдықтар мен техниканы жалға алу;

5 5) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу;

6 6) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

7

7) басқа да шығыстар (тікелей зерттеулерді және консалтингтік көрсетілетін қызметтерді жүргізу үшін қажетті ақпараттық қызметтер, коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз, қоқыс шығару), ғимаратты ұстауға және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар, байланыс және интернет қызметтері, банктік қызметтер) жатады.

7 7. Зерттеулер, консалтингтік көрсетілетін қызметтер жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды тарту азаматтық-құқықтық мәміле жасасу негізінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы