Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил составления отчетности об использовании целевого перечисления, формы и сроки ее представления, а также требования к предоставляемой информации о ходе и результатах использования целевого перечисления

Бұйрық · № 264 · қабылданған 29.05.2025
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210907/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил составления отчетности об использовании целевого перечисления, формы и сроки ее представления, а также требования к предоставляемой информации о ходе и результатах использования целевого перечисления Мәртебесі расталмаған 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил составления отчетности об использовании целевого перечисления, формы и сроки ее представления, а также требования к предоставляемой информации о ходе и результатах использования целевого перечисления

Мәртебесі расталмаған Бұйрық № 264 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил составления отчетности об использовании целевого перечисления, формы и сроки ее представления, а также требования к предоставляемой информации о ходе и результатах использования целевого перечисления
Атауы (қаз.)
Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
264
Қабылданған күні
29.05.2025
Көрсетілген редакция
01.07.2026 210907_827003.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25E0000264
ЭКБ идентификаторы
210907
Редакция идентификаторы
210907_827003
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:10
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 30 маусымды қоса алғанда қолданылады.

0 Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы «25» мамырдағы
№264
бұйрығымен бекітілген
Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 168-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Коммерциялық емес ұйым) тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және олардың нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты, өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкес айқындалатын мемлекеттік орган;

2) есеп – коммерциялық емес ұйымның нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілігі;

3) коммерциялық емес ұйым – кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға.

2-тарау. Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі, оның нысандары мен ұсыну мерзімдері

3. Коммерциялық емес ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес есепті жасайды және ұсынады.

4. Есеп онда көзделген көрсеткіштерге дәл сәйкестікпен толтырылады.

Ағымдағы есепті кезеңге де, сол сияқты алдыңғы кезеңге де (олар бекітілгеннен кейін) қатысты есеп деректерін өзгерту деректердің бұрмалануы анықталған кезеңде жасалған есепте жүргізіледі.

5. Есепке, тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, коммерциялық емес ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам және бас бухгалтер қол қояды. Есепке бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

6. Коммерциялық емес ұйым осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қол қойылған және мөрмен расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін ұсынады.

7. Есепті коммерциялық емес ұйым:

тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей;
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

8. Есепті жасау кезінде коммерциялық емес ұйым Бюджет кодексінің 168-бабы 11-тармағының және осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын басшылыққа алады.

3-тарау. Нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар

9. Нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарда:

Коммерциялық емес ұйымның есепті кезеңдегі тиісті бюджеттің шығыстары бойынша кассалық негізде жүзеге асырылатын барлық операциялары көрсетіледі;
бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылатын шығындар баптары бойынша, оның ішінде нысаналы аударымды пайдалану нәтижелері туралы толық және анық деректерді (цифрларды) қамтиды.

1 Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есеп

Нысаналы аударымның пайдаланылуы
туралы есептілікті жасау қағидаларын,
оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін,
сондай-ақ нысаналы аударымды
пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы ұсынылатын ақпаратқа
қойылатын талаптарға
қосымша
Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есеп
Бюджеттік бағдарламаның
әкімшісі
217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарлама
099 Нысаналы аударым
Заңды тұлға
Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін, тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым
Кезеңділігі
тоқсан сайын, жыл сайын
Өлшем бірлігі
мың теңге
Бюджет түрі
республикалық бюджет
Атауы
Жоспар
Іс жүзінде орындау
Қалдық
Көрсеткішті орындау пайызы
есепті кезеңге
жыл басынан бастап
есепті кезеңге
жыл басынан бастап
есепті кезеңге
жыл басынан бастап
жыл басынан бастап
(5-баған / 3-баған 3*100)
1
2
3
4
5
6
7
8
Барлық шығыстар, оның ішінде:
Ақпараттандыру бойынша шығыстар
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі»
акционерлік қоғамы, оның ішінде:
Еңбекақы төлеу қоры
Директорлар кеңесінің сыйақысы және оңы ұстау
Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, оның ішінде:
Еңбекақы төлеу қоры
Сот, оның ішінде:
Еңбекақы төлеу қоры
Халықаралық төрелік орталығы, оның ішінде:
Еңбекақы төлеу қоры
Басшы ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы)
Бас бухгалтер ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы)