Құжат мәтініне өту

Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы

Қаулы · № 460 · қабылданған 28.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210964/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Қолданыста Қаулы ·№ 460 ·28.05.2025
28.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы

Қолданыста Қаулы ·№ 460 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы
Атауы (қаз.)
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
460
Қабылданған күні
28.05.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.09.2025
Көрсетілген редакция
28.05.2025 210964_760110.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25FA00460A
ЭКБ идентификаторы
210964
Редакция идентификаторы
210964_760110
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:11

0 Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 914 – 1 бабының 3 – тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 37 – бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2

2. «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ә. Әбілдаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға  жатады.

5 Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қала әкімдігінің
2025 жылғы « 28 » мамырдағы
№ 460 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдар
1.
Аумақты жинайтын жұмысшы
«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ ШЖҚ «Теплокоммунэнерго» МКК
2.
Аумақты жинайтын жұмысшы
«Семей Тазалық» ЖШС
3.
Аумақты жинайтын жұмысшы
«Зеленстрой Семей» ЖШС

Қолданыстағы