Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по исчислению стажа работы по специальности для работников государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местного бюджета

Қаулы · № 16/10 · қабылданған 08.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21097/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по исчислению стажа работы по специальности для работников государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местного бюджета Күшін жойған Қаулы ·№ 16/10 ·08.08.2004
14.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по исчислению стажа работы по специальности для работников государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местного бюджета

Күшін жойған Қаулы ·№ 16/10 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по исчислению стажа работы по специальности для работников государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местного бюджета
Атауы (қаз.)
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/10
Қабылданған күні
08.08.2004
Көрсетілген редакция
14.09.2010 21097_199827.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04K0001598
ЭКБ идентификаторы
21097
Редакция идентификаторы
21097_199827
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:48

0 Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөніндегі қоса тіркелген Нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Күші жойылған деп танылсын:

1

1) Қарағанды облысы әкімиятының "Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасын бекіту туралы" 2002 жылғы 2 тамыздағы N 07/05 қаулысы (Қарағанды облысының әділет департаменті 2002 жылғы 27 тамызда 916-нөмірмен тіркеген);

2

2) "Қарағанды облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 тамыздағы "Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасын бекіту туралы" N 07/05 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 маусымдағы N 12/13 қаулысы.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.Е. Базарбаевқа жүктелсін.

6 Облыс әкімиятының

"Жергілікті бюджеттен қаржыланатын
мемлекеттік мекемелердің және
коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың
мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы"
2004 жылғы 9 тамыздағы N 16/10 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөніндегі
Нұсқаулық
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне (одан әрі - қызметкерлер) мамандығы бойынша жұмыс стажы олардың белгілі бір лауазымдар санатына жататын лауазымына сәйкес лауазымдық еңбекақысын анықтау мақсатында есептеледі.

1 1. Лауазымдық еңбекақы алу құқығын беретін мамандығы бойынша жұмыс стажына, еңбекақы төлеудің тарифтік-біліктілік торына сәйкес, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда сол мамандығы бойынша істеген барлық жұмыс уақыты қосылады, сондай-ақ:

1 1) сол мамандығы бойынша мемлекеттік қызметте болуы;

2

2) Қарулы Күштердегі, ішкі, шекара әскерлері, басқару органдары және Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясындағы, теріс себептерге байланысты қызметтен босатылғандардан басқа, офицерлік құрамдағы тұлғалардың, прапорщиктердің, мичмандардың, әскери қызметшілердің мерзімнен тыс нақты әскери қызметте болуы;

3

3) ішкі істер органдары жүйесінде, прокуратура органдары қызметінде, Қазақстан Республикасы және бұрынғы КСР Одағының сот аппаратындағы жұмыста, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде, теріс себептерге байланысты қызметтен босатылғандардан басқа, басшылық құрамдағы тұлғалардың қызметтен өтуі;

4 4) заңнамаға сәйкес берілген жүктілігі және тууы бойынша демалысы, сондай-ақ балаға қарау жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын қосымша еңбек демалысы;

5 5) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, босатылған негізде мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асыру уақыты;

6

6) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік мекемеде, коммуналдық қазыналық кәсіпорында жұмыс істесе және оны аяқтаған соң мемлекеттік мекемеге, коммуналдық қазыналық кәсіпорынға қайтып оралса, оның мемлекеттік мекеменің және коммуналдық қазыналық кәсіпорынның жолдамасы бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында өндірістен қол үзіп оқуы;

7 7) егер қызметкер шет елге жіберер алдында мамандығы бойынша жұмыс істесе және, көшу уақытын есепке алмағанда, шет елден оралған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мемлекеттік мекемеге және коммуналдық қазыналық кәсіпорынға жұмысқа орналасса, оның шет елдегі жұмысы;

8 8) мамандық бейіні бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмысы;

9 9) іс-әрекет саласына қарамастан оның еңбек жолы өткен мемлекеттік мекемелердегі, қазыналық кәсіпорындар мен ұйымдардағы басшылық және сол тақылеттес лауазымдардағы жұмысы қосылады.

2 2. Осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелінетін мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеу арқылы жүргізіледі.

3 3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық еңбекақысын көтеру құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық еңбекақысын есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап іске асырылады.

4

4. Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) немесе жеке еңбек келісімі, қабылдау және босату туралы бұйрықтардан үзінді, қызметтік тізім мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу үшін негізгі құжаттар болып табылады. Қажетті жазбалар болмаған немесе жұмыс кезеңі туралы жазулар дұрыс немесе нақты болмаған жағдайда анықтамалар, жеке шоттар және еңбекақы беру ведомосы және жұмыс кезеңі туралы мәліметтері бар заңнамамен белгіленген басқа да құжаттар жұмыс стажын растау ретінде қабылданады. Мамандығы бойынша стажын куәгер көрсетпесімен растау заңнамамен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5 5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын еңбек стажын анықтау жөніндегі комиссия анықтайды, оның құрамын тиісті мемлекеттік мекеме және коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысы бекітеді.

Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінді екі данада жасалады және бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.

Қолданыстағы