Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм потребления для предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной и жилищной помощи по Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 135 · қабылданған 29.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-210971/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении норм потребления для предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной и жилищной помощи по Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 135 ·29.05.2025
29.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм потребления для предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной и жилищной помощи по Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 135 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм потребления для предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной и жилищной помощи по Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ алуға ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
135
Қабылданған күні
29.05.2025
Көрсетілген редакция
29.05.2025 210971_767729.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25V000135A
ЭКБ идентификаторы
210971
Редакция идентификаторы
210971_767729
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:09

0 Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ алуға ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярдің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 21-19/3048 тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ алуға ваучерлер беру үшін тұтыну нормалары бекітілсін.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

7 Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ алуға ваучерлер беру үшін тұтыну нормалары

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2025 жылғы «29» мамыр
№ 135 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ алуға ваучерлер беру үшін тұтыну нормалары
р/с

Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы
Жылыту маусымындағы айлық норма, м³
Жылыту маусымынан тыс айлық норма, м³
1
Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы
900
148
Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
м³ – текше метр.

Қолданыстағы