Об установлении дифференцированных тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Карасайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дифференцированных тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Карасайского района
- Атауы (қаз.)
- Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауда сараланған тарифтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 249
- Қабылданған күні
- 30.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2025 I210973_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25DK623705
- ЭКБ идентификаторы
- 210973
- Редакция идентификаторы
- I210973_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:06
0 Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауда сараланған тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының19-бабының 2-1 тармағынасәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданы аумағында жолаушылардыәлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтері келесідей болып белгіленсін:
1) Электронды төлеу жүйесі, ұялы байланыс құралдары, көлік карталары немесе екінші деңгейдегі банк карталары арқылы төлеу кезінде:
ересектерге - 120 (жүз жиырма) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге- 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
2) Қолма - қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге - 100 (жүз) теңге мөлшерінде.
2. Қарасай ауданы әкімдігінің 2023жылғы 26 қаңтардағы № 40 «Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5968-05 болып тіркелген)қаулысының күші жойылсын.
3. Қарасай аудандық мәслихатының сессиясына аудан әкімдігінің қаулысы келісуге ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Р. Атчабаров