Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан

Қаулы · № 3 · қабылданған 29.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211023/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 3 ·29.05.2025
29.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 3 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
29.05.2025
Көрсетілген редакция
29.05.2025 211023_762950.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P250000003S
ЭКБ идентификаторы
211023
Редакция идентификаторы
211023_762950
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:09

0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

1 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

1

1. «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2021 жылғы 15 сәуірдегі №1, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2; 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 2; 2024 жылғы 28 қарашасындағы № 4 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1 1) 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылатын мүлікті некені бұзу күніне қарамастан өзара келісім бойынша бөледі. Егер дау туындаса және жауапкердің талап қою мерзімін қолдану туралы арызы болса, сот талап қою мерзімін АК-нің 180-бабының 1-тармағына сәйкес есептейді.
Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi болып табылатын мүлікті бөлу туралы талап қоюдың үш жылдық ескіру мерзiмiн ерлi-зайыпты өз құқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап есептеуге жатады.»;

2

2. «Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2; 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 2; 2024 жылғы 28 қарашасындағы № 4 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1 1) 29-тармақта екінші және төртінші абзацтар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы