Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов

Бұйрық · № 157 · қабылданған 29.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211034/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов Қолданыста Бұйрық ·№ 157 ·29.05.2025
29.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов

Қолданыста Бұйрық ·№ 157 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов
Атауы (қаз.)
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
157
Қабылданған күні
29.05.2025
Көрсетілген редакция
29.05.2025 211034_760787.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NT000157
ЭКБ идентификаторы
211034
Редакция идентификаторы
211034_760787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:10

0 Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрінің
2025 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары

1 1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарауына:

1 1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты;

2 2) болжамды донор туралы ақпаратты;

3 3) грант сомасы туралы ақпаратты;

4 4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесін;

5 5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, әрбір өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны (негіздеме);

6 6) орталық мемлекеттік органның байланысты грантты тартуға арналған өтінімінде оның құзыретіне кірмейтін іс-шара болған жағдайда тиісті мемлекеттік органның салалық қорытындысын қамтитын еркін нысандағы өтінімді ұсынады.

Егер байланысты грант жобасы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылатын болса, орталық уәкілетті органының тиісті салалық қорытындысы ұсынылады.
Егер байланысты грант жобасын іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.
Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.
Салалық қорытындыны тиісті орталық мемлекеттік органдар береді, оған орталық мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қояды.
Байланысты грант жобасы жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылған жағдайда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органның тиісті салалық қорытындысы беріледі.
Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылуы болжанатын байланысты грант жобасы бірнеше салалық жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі жергілікті атқарушы органдармен келісілген салалық қорытындыны береді.

3 3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім ұсынған жағдайда өтінімдер олардың басымдығы тәртібімен көрсетіледі.

4 4. Осы Қағидаларға сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 20 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

5 5. Донор байланысты грантты тартуға арналған өтінімді мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.

1 Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі

Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдерді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі

Байланысты грант
Донор
Атқарушы орган
Іске асырылатын жылы
Грант қаражаты (валюта/теңге)
Грант сомасы
Мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
4
5

2 Түсіндірме жазба (негіздеме)

Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдерді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Түсіндірме жазба (негіздеме)
Мақсаты:
Жоспарланған іс-шаралар:
Мемлекеттік органдармен сәйкес күтілетін нәтижелер:

Қолданыстағы