Об утверждении норм потребления товарного газа для потребителей, не имеющих приборов учета в Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления товарного газа для потребителей, не имеющих приборов учета в Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 31/12
- Қабылданған күні
- 04.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2025 211118_762263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25K003112A
- ЭКБ идентификаторы
- 211118
- Редакция идентификаторы
- 211118_762263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:04
0 Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау жүктелсін.
3 3. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Әкімдіктің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
5 Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 4 маусымдағы
№ 31/12 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы
Р/с
№
Газ тұтыну сипаттамасы (тауарлық газ)
Өлшем бірлігі
Газ тұтыну нормасы
1.
Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамту болған кезде
1 адамға айына текше метр
9,4
2.
Газ плитасы және суды газбен ысытқыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен қамту болмаған кезде)
1 адамға айына текше метр
23,0
3.
Газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен қамту және суды газбен ысытқыш болмаған кезде
1 адамға айына текше метр
13,8
4.
Жеке жылу беруге
1 шаршы метр ауданға айына текше метр
9,3
Ескертпе: Тауарлық мұнай газын тұтыну нормалары «Тауарлық мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес есептелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген.