Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Бұйрық · № 113-НҚ · қабылданған 09.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211136/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг Қолданыста Бұйрық ·№ 113-НҚ ·09.06.2025
09.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Қолданыста Бұйрық ·№ 113-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг
Атауы (қаз.)
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
113-НҚ
Қабылданған күні
09.06.2025
Көрсетілген редакция
09.06.2025 211136_761083.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036233
ЭКБ идентификаторы
211136
Редакция идентификаторы
211136_761083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:00

0 Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жетекшілік ететін Вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 113-НҚ
Бұйрығымен бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы, Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

3 3. Зерттеудің, консалтингтік қызметтің, зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығыстар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып, мынадай формула бойынша белгіленеді:

Қ = ТШ + ЖШ, мұндағы
Қ – зерттеудің, консалтингтік қызметтердің құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығындар.

4 4. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар енгізілмейді:

1 1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

2 2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

3 3) демеушілік көмек;

4 4) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары.

5 5. Тікелей шығындарға мыналар жатады:

1 1) зерттеулер мен консалтингтік қызметтерді жүзеге асыратын (штаттағы және штаттан тыс) жұмыскерлердің жалақысы;

2 2) сыртқы сарапшыларды тарту;

3 3) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу, (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, жиынтықтауыштар, кеңсе тауарлары және шығыс материалдары);

4 4) жалға алынатын үй-жайларда тікелей зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;

5 5) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе)елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

6 6) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары, зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

7 7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);

8 8) полиграфиялық шығындар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);

9 9) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;

10 10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);

11 11) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;

12 12) анықтамалықтарды және /немесе анықтамалықтардың бөлімдерін әзірлеу жөніндегі қызметтер;

13 13) сақтандыру жөніндегі шығыстар;

14 14) банктік қызметтер;

15 15) қосылған құн салығы.

6 6. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей жатпайды және мынадай шығыстарды қамтиды:

1 1) әкімшілік персоналдың жалақысы;

2 2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары, жұмыс берушінің, әкімшілік персоналдың міндетті зейнетақы жарналары;

3 3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);

4 4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (Ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

5 5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

6 6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;

7 7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер, ақпараттық қызметтер (жарнаманы қоспағанда), өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптардың сақталуы, күзет жөніндегі қызметтер, аудиторлық қызметтер, Банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар).

7

7. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету кезіндегі шығыстардың әрбір бабын Тапсырыс беруші әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын пайдалана отырып қалыптастырады. Бұл ретте, баға дерекқорында көзделген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін нақты орташа бағадан аспайтын бағаға бағдарланады. Деректер базасында бағалар болмаған кезде жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады.

8 8. Іссапар шығыстарының құны (қонақ үйде тұру, тәулікақы) Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен анықталады.

9 9. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын есептеу нысанында зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары бойынша жалақысы әрбір жұмыскер бойынша жеке көрсетіледі.

Қолданыстағы