Об утверждении нормы потребления товарного газа для получателей государственной адресной социальной помощи и жилищной помощи по Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормы потребления товарного газа для получателей государственной адресной социальной помощи и жилищной помощи по Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 03.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2025 211144_760907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25C000098A
- ЭКБ идентификаторы
- 211144
- Редакция идентификаторы
- 211144_760907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:05
0 Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормасы бекітілсін.
2
2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 3 маусымдағы
№ 98 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормасы
№
Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы
Жылыту маусымындағы айлық норма, м3
Жылыту маусымынан тыс айлық норма, м3
1
Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы
874
148
Аббревиатураның толық жазылуы:
м3 - текше метр