Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов

Бұйрық · № 192 · қабылданған 02.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211163/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов Қолданыста Бұйрық ·№ 192 ·02.06.2025
02.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов

Қолданыста Бұйрық ·№ 192 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов
Атауы (қаз.)
Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
192
Қабылданған күні
02.06.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.06.2025
Көрсетілген редакция
02.06.2025 211163_767560.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036258
ЭКБ идентификаторы
211163
Редакция идентификаторы
211163_767560
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:06

0 Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді

реттеудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-бабтарына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршектері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті:

1 1) осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін;

2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қолдану туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» (келісім бойынша) акционерлік қоғамын;

3 3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігін белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қажеттілігі туралы хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2025 жылғы 12 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы