Құжат мәтініне өту

Об утверждении тарифов на оказываемые подведомственной организацией платные виды услуг при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель

Бұйрық · № 124-НҚ · қабылданған 10.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211164/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении тарифов на оказываемые подведомственной организацией платные виды услуг при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель Қолданыста Бұйрық ·№ 124-НҚ ·10.06.2025
10.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении тарифов на оказываемые подведомственной организацией платные виды услуг при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель

Қолданыста Бұйрық ·№ 124-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении тарифов на оказываемые подведомственной организацией платные виды услуг при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель
Атауы (қаз.)
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
124-НҚ
Қабылданған күні
10.06.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.06.2025
Көрсетілген редакция
10.06.2025 211164_765870.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25MA000124
ЭКБ идентификаторы
211164
Редакция идентификаторы
211164_765870
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:59

0 Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексі 23-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтер бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Суармалы жерлердің мелиорациялық жай - күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтер

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің
2025 жылғы ___________ «____»
№ _______
бұйрығымен бекітілген
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай - күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтер
Р/с №
Қызметтердің атауы
Өлшем бірлігі
Бірліктің бағасы (теңге, қосылған құн салығынсыз)
1
Суармалы жерлердің топырақтық-мелиорациялық және тұздық түсірілімін жүргізу
гектар
416
2
Ыза сулардың деңгейіне гидрорежимдік бақылаулар жүргізу
өлшеу
3153
3
Топырақтағы және судағы тұздарды анықтау үшін оларға талдаулар жүргізу:
топырақтың талдауы
сынама
5553
судың талдауы
сынама
9294
4
Жерүсті және жерасты суларына ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу
ұсыным
10688
5
Бақылау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымалар бұрғылау:
бақылау ұңғымаларын жабдықтау
дана
39536
суға ұңғымалар бұрғылау
сызықтық
метр
19232

Қолданыстағы