Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований, предъявляемых к организациям, аттестуемым на право проведения работ в области безопасности гидротехнических сооружений

Бұйрық · № 119-НҚ · қабылданған 09.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211165/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении требований, предъявляемых к организациям, аттестуемым на право проведения работ в области безопасности гидротехнических сооружений Қолданыста Бұйрық ·№ 119-НҚ ·09.06.2025
09.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований, предъявляемых к организациям, аттестуемым на право проведения работ в области безопасности гидротехнических сооружений

Қолданыста Бұйрық ·№ 119-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований, предъявляемых к организациям, аттестуемым на право проведения работ в области безопасности гидротехнических сооружений
Атауы (қаз.)
Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119-НҚ
Қабылданған күні
09.06.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.06.2025
Көрсетілген редакция
09.06.2025 211165_761124.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036240
ЭКБ идентификаторы
211165
Редакция идентификаторы
211165_761124
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:00

0 Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.

2

2. «Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1053 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12635 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2025 жылдың 10 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

1 Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 119-НҚ Бұйрыққа
қосымша
Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар

1 1. Пайдалануға берілген гидротехникалық құрылысжайларды салу немесе қайта жаңғырту бойынша жобалаушы ретінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәжірибесінің болуы, мына көрсетілген саннан кем емес құрылыстардың класстылығына қойылатын талаптардың біріне сәйкес болуы қажет:

I класты екі объекті;
II класты бес объекті;
III класты жеті объекті;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін IV класты жеті объектілер.
Тәжірибенің болуына қарай ұйымдараға гидротехникалық құрылысжайлардың кластары айқындалады, олар бойынша гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізіледі, атап айтқанда:
I класты объектілер бойынша тәжірибесі бар ұйым I, II, III және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін IV класты объектілерде жұмыс жүргізе алады;
II класты объектілер бойынша тәжірибесі бар ұйым II, III және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін IV класты объектілерде жұмыс жүргізе алады;
III класты объектілер бойынша тәжірибесі бар ұйым III және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін IV класты объектілерде жұмыс жүргізе алады;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін IV класты объектілер бойынша тәжірибесі бар ұйым тек табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін IV класты объектілерде жұмыс жүргізе алады.

2 2. Штат кестесіне жоғары кәсіби білімі бар және мынадай бағыттар бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес бір маманның болуы:

- техникалық ғылымдар (гидротехникалық құрылысжай және құрылыстар, гидрогеология, геодезия, геология, гидромелиорация);
- ауыл шаруашылығы ғылымдары (су ресурстары және су пайдалануы);
- жаратылыстану ғылымдары (гидрология), сондай-ақ, және гидротехникалық құрылысжайларды жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялау, пайдалануда аттестаттары, сертификаттары, жұмыс тәжірибесі бар, салааралық мамандардың болуы.

Қолданыстағы