Об утверждении нормы предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной помощи и жилищной помощи по Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормы предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной помощи и жилищной помощи по Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру нормасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32/01
- Қабылданған күні
- 12.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2025 211180_763497.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25K003201A
- ЭКБ идентификаторы
- 211180
- Редакция идентификаторы
- 211180_763497
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:56
0 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру нормасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 440, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 759/НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 446, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрінің орынбасарының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 107 бірлескен бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. В. Склярдың 2025 жылғы 25 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру нормаларын осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру нормасы
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 12 маусымдағы
№ 32/01 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру нормасы
№
Тауарлық газ тұтыну сипаттамасы
Жылыту маусымындағы айлық норма, м³
Жылыту маусымынан тыс кезеңдегі айлық норма, м³
1.
Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар тұрмыстық шаруашылық
880
148
Аббревиатураларды толық жазылуы:
м³ – текше куб;