Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков Абайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков Абайского района»
- Атауы (қаз.)
- «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/01
- Қабылданған күні
- 12.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2025 211193_763592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25KI03001A
- ЭКБ идентификаторы
- 211193
- Редакция идентификаторы
- 211193_763592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:56
0 «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшілерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулыдан шығатын басқа да шаралар қабылдансын.
3 3. Абай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 02 мамырдағы «Абай ауданының кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» № 21/01 қаулысының 4 тармақ 3) тармақшасының күші жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
1 Абай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 маусымдағы
№30/01 қаулысына қосымша
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) өз құзыреті шегінде аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, ономастика салаларында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2 2. Бөлімге келесі ведомстволық бағынысты ұйымдар қарайды:
1 1) «Абай аудандық мәдени-бос уақыт өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2 2) «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4 4. Бөлім ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазыналық органдарында шоттары бар.
5 5. Бөлім өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
6 6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан құқығы бар.
7 7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.
8 8. «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100100, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 3 ықшам ауданы, 43 үй.
10 10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. Бөлімнің қаржылық қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12 12. «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерінен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке кіріске жіберіледі.
2 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері
13
13. Бөлім аудан аумағында мәдениет, тілдерді дамыту және ономастика саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді (ҚР «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және басқа да заңдарға сәйкес).
Мақсаттары:
1 1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
2 2) ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
3 3) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
4 4) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірегейліктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;